Қайырымдылық

Негізгі  /  Компания  /  Қайырымдылық

«Royal Petrol» ЖШС түрлі қайырымдылық шараларын жүсеге асырады:

«Ардагерлер үйі (Дом ветеранов)» Алматы қалалық мемлекеттік коммуналды мекемесіне қайырымдылық көмек

Жеңіс күні елімізде тойланатын ең әсерлі әрі ерекше ыстық мерекелердің бірі болып табылады. Бұл күн Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерді еске алу күні. Бұл айрықша мереке қарсаңында Қазақстанның барлық қалаларында, сондай-ақ бүкіл бұрынғы Кеңес одағы аумағында қайырымдылық шаралары өтеді. Бұл күні біз соғысты көзі көріп, осы күнге дейін аман жеткен ардагер қарияларымызға құрмет көрсетеміз, жаумен шайқаста ерлікпен қаза тапқан жандарды еске аламыз. Отанымыздың игілігі үшін жанын қиған жандарға көмек көрсету – әрбіріміздің міндетіміз. 9-мамыр қарсаңында қайырымдылық жобасын ұйымдастыру «Royal Petrol» компаниясы үшін жыл сайынғы дәстүрге айналған, компания өкілдері бұл күні ҰОС ардагерлерін құттықтайды, оларға көңіл бөліп, қолдау көрсетеді.

№ 2 қалалық мамандандырылған Балалар Үйіне қайырымдылық көмек

«Royal Petrol» ЖШС бес жасқа дейінгі 62 баланы тәрбиелеп отырған №2 қалалық мамандандырылған Балалар Үйіне жыл сайын қайырымдылық көмек шарасын ұйымдастырып отырады. Ондағы балалардың көбі орталық және перифериялық жүйке жүйесі сырқатымен ауыратындар, сонымен бірге туа біткен даму кемістігі бар балалар. Кей балалар бұл жерде ата-аналарының материалдық және баспана қиындықтарына байланысты орналастырылған.
№2 Балалар үйіне жыл сайын көрсетілетін бұл қайырымдылық көмегі арқылы біз балаларға мейірім мен жан жылуын сыйлап, сәбилердің өміріне әр беруге тырысамыз.

Алматы қаласы денсаулық сақтау Басқармасының «Балаларға жедел медициналық көмек көрсету Орталығы» ШЖҚ-ғы Мемлекеттік коммуналдық мекемесіне қайырымдылық көмек

«Royal Petrol» ЖШС жыл сайын ауруханаға қайырымдылық көмек көрсетіп, медициналық тауарлармен қамтамасыз етіп отырады. Олардың барлығы науқас балаларды толыққанды емдеу үшін аса қажет.

Алғыс хаттары

Оформить заказ на топливо
Наименование организации
Телефон (факс)
БИН
Электронды мекен-жайыңыз
Выберите топливо
АИ-98
литров
ДТ (қыс)
литров
АИ-95
литров
ДТ
литров
АИ-92
литров
Автогаз
литров