Компания

Негізгі  /  Компания

«Royal Petrol» компаниясы – бұл Алматы мен Алматы облысында бүгінгі күні 60-тан астам ЖҚБ бар, күнделікті тәулік бойы түрлі коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарға, мемлекеттік кәсіпорындар мен жүздеген мың көлік жүргізушілеріне қызмет көрсететін автокөліктерге жанармай құю бекеттерінің ірі әрі заманауи желісі.

«Royal Petrol» компаниясы алғаш құрылған күннен өзін заманауи технологияларды қолдана отырып, жол бойында қызмет көрсетудің барлық түрлерін толықтай ұсынатын сенімді және жауапты серіктес ретінде танытты. Компанияның қызмет көрсету саласындағы тәжірибесі іскер серіктестерінің тарапынан жоғары бағаланып, олардың сеніміне ие болған. «Royal Petrol» компаниясы үшін келісімдерді орындау аса маңызды болып табылады, мұнда ұзақ мерзімді серіктестік пен әрбір клиент құндылық ретінде бағаланады.

Компания Еуро-4 және Еуро-5 сияқты әлемдік сапа мен экология стандарттарына сай өнімдер шығаратын Қазақстан және Ресейдің ірі мұнай өңдеу зауыттарымен мұнай өнімдерінің тікелей жеткізілімдері туралы келісімшарттар жасасқан.

«Royal Petrol» компаниясының ұжымы кәсибілік, жауапкершілік, шығармашылық қабілеттері бойынша іріктелген, топпен жұмыс жасауға бейімі бар тұлғалардан тұрады. Компания қызметкерлері жоғары санаттағы мамандар болып саналады, осы арқылы Компанияның жасап шығарған жүйелерінің сапасы мен осыған қатысты барлық мәселелердің түйіні жан-жақты қолдау мен оңды шешім тауып отырады. Әсіресе компания қызметкерлерін оқыту, сертификаттау және олардың кәсіби деңгейін көтеру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Біз қызмет көрсетудің үздік сапасы мен инновациялық шешімдерді ұсыну арқылы осы саладағы көшбасшы болуға ұмтыламыз.

Бүгінгі таңда Компания «Royal Petrol» жанармай құю бекеттері желісін бүкіл Қазақстан ауқымы бойынша белсенді түрде кеңейту жұмыстарын жүргізуде.

Оформить заказ на топливо
Наименование организации
Телефон (факс)
БИН
Электронды мекен-жайыңыз
Выберите топливо
АИ-98
литров
ДТ (қыс)
литров
АИ-95
литров
ДТ
литров
АИ-92
литров
Автогаз
литров