Пікірлер

Негізгі  /  Компания  /  Пікірлер

Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды!

Біз өз қызметіміздің сапасын ұдайы бақылауда ұстаймыз, сондықтан Сіздің пікіріңіз біз үшін аса маңызды! Бізге айтар Өз ұсынысыңызды қалдырыңыз, біз Сіз үшін бұдан гөрі сапалы қызмет көрсетуге ұмтылатын боламыз!

Кестені толтырыңыз:

Көлігіме жанармайды үнемі осы жерден құямын. Жанармайдың сапасы да, бағасы да көңілімнен шығады.

Карина, 2 қараша 2015

Бұрыннан жанармай құю үшін тек осы жерге келемін. Жанармай мен қызмет көрсету деңгейі ұнайды, тура мөлшерімен құяды.

Алек, 2 қараша 2015

Қайырлы күн! Біздің компаниямыз көп уақыттан бері Сіздермен бірге жұмыс жасайды және осы күнге дейін бізге өз ісінің нағыз мамандары қызмет көрсетіп келеді (бұл бізді қуантады). RP абоненттік бөлімінің қызметкерлері өз клиенттеріне әрқашан жайдары және сыпайы ілтипат танытады. Молдагалиева Изнура, Алмазова Анна және т.б. қызметкерлерді айрықша атағымыз келеді. Алдағы уақытта да Сіздермен бірлікте жұмыс жасайтын боламыз деп үміттенем. Құрметпен, Мұхидин. ӘДШ департаментінің директоры.

Мұхидин, 8 қыркүйек 2015

Сәлеметсіздер ме, RP компаниясының басшылығын, әсіресе 68 RP айрықша атағым келіп отыр. Ондағы барлық қызметкерлер сыпайы, бұл жанармай құю бекетінің қызметі жаныма жайлы. Тәуләктің кез келген кезінде бара қалсаң, әрдайым құшақ жая қарсы алып, көлігімнің терезелерін тазартып береді. Кетер кезде тағы да келіп тұруға шақырып, ақ жол тілеп шығарып салады. Олардың қызмет көрсету сапасы туралы айтар жақысы пікірлерімді жаза беруге болады. Мен Сіздердің компанияларыңызға үлкен сәттілік тілеймін!

Клиент, 6 ақпан 2015

Қайырлы күн! №32 автокөліктерге жанармай құю бекетіндегі қыздардың қызмет көрсетуне қатысты өзімнің жақсы пікірімді білдіргім келеді. Өкінішке қарай олардың есімдерін білмейді екенмін. Бұл менің сүйікті жанармай құятын жерім. Кез келген уақытта бара қалсаң, қыздар күлімсіреп қарсы алады!! Жағымды, сауатты, сыпайы түрде қызмет көрсетеді. Қысқасы, менің бұл пікірім аз дегенде бұларға жетсе екен деген тілегім бар. Ал басшылық жағынан бұл ескерілсе тіптен керемет болар еді. Жарайсыңдар, осылай жалғаса берсін! Ал №12 (Айнабұлақтағы) жанармай құю бекетіндегі бір кассирге арнап «Қызмет көрсету сапасы» атты тренингтер өткізсе артық болмас еді. Сіздердің HR-менеджерлеріңіз менің айтып отырған кассирімнің кім екенін қиындықсыз табады деп ойлаймын.

Aziz Akhmetov, 14 сәуір 2014
Оформить заказ на топливо
Наименование организации
Телефон (факс)
БИН
Электронды мекен-жайыңыз
Выберите топливо
АИ-98
литров
ДТ (қыс)
литров
АИ-95
литров
ДТ
литров
АИ-92
литров
Автогаз
литров