Смарткарта

Негізгі  /  Қызметтер  /  Смарткарта

ЖҚБ желісі«RP» электронды картасы – бұл ыңғайлы, тиімді және заманға сай қызмет түрі, себебі карта иелері «Royal Petrol» ЖШС-ң автокөліктерге жанармай құю кешендерінің бірыңғай желісінде жанар-жағармай материалдарын карта көмегімен төлем жасау арқылы ала алады. Біздің компания жоғары мобильділікті қажет ететін заманауи үрдістер талабына жауап береді және Сіздің бизнесіңіз үшін оңтайлы шешімдер ұсынады.

Смарт-карта жеке PIN-кодпен, яғни клиенттің өз қолымен терілетін сандық құпия кодпен (төрт саннан тұрады) қорғалған. PIN-кодты тек қана карта иесі ғана білуі керек. Смарт-картада кодты тек белгілі бір шектеулі мөлшерде ғана бұрыс енгізуге жол беріледі, одан соң карта бұғатталып қалады.

Картаны бұғаттан шығару үшін абонеттік бөлімге жүгінуге болады. Ондай жағдайда өзіңізбен бірге Сіздің ұйымыңыздың хаты және карта болуы керек.

Смарт-карта «Royal Petrol» ЖШС компаниясына тиесілі және оның пайдалану мерзімі өткеннен соң картаны қайтару қажет. Карталар абоненттік төлемсіз уақытша қолданыс мақсатында беріледі. Картаны жоғалтып алған немесе оның функционалды мүмкіндіктері клиенттің кінәсінен жойылған жағдайларда клиент карта құнын төлейді және оның орнына жаңа карта алады, ал ондағы қалдық қаражатты жаңа картаға аударады.

Қажет болған жағдайда смарт картаға тәуліктік не болмаса айлық төлем шектерін орнатып, автокөліктерге жанармай құю бекеттерінде жасалған операциялар туралы бір немесе бірнеше смарт-карталар бойынша егжей-тегжейлі есеп берулер алып отыруға мүмкіндік бар, бұл ұйымда бірнеше автокөлік болған жағдайларда немесе бір отбасы ішінде мүшелерінің бірнеше автокөліктері болған жағдайларда аса ыңғайлы.

Клиент смарт-картасындағы әмиян литрлік немесе ақшалай түрде болуы мүмкін:

  • Электронды «RP» карталары (литрлік): клиент төлем жасап болғаннан соң өзіне қажетті отынның толық белгіленуі, бағасы, маркасы және көлемі енгізілген фирмалық «RP» карталарына ие болады. Клиент картасы бойынша орындалған операцияларды көрсететін жан-жақты есеп беруді бір күнтізбелік ай бойы алуға мүмкіндік бар.
  • Электронды «RP» карталары (ақшалай): клиент төлем жасап болғаннан соң өзіне қажетті фирмалық «RP» карталарына ие болады. Бұл карталарға арнайы ақша салынған, яғни әрбір жанармай құю кезінде картадан операция жасау күніндегі отын құнына тең сома алынып отырады.

Электронды «RP» карталары бойынша жеке тұлғаларға қызмет көрсету үшін қажет құжаттар:

  1. Жеке куәлік (көшірме);
  2. Электронды карта құнын төлеу.

Электронды «RP» карталары бойынша заңды тұлғаларға қызмет көрсету үшін қажет құжаттар:

  1. Шартқа отыру керек;
  2. Төлем төлеу үшін есепшот алу;
  3. Жанармайға сенімхат.

Смарт-карталар бойынша қызмет көрсетудің артықшылықтары:

  • Өткен календарлық ай бойы барлық смарт-карталар арқылы жасалған операцияларды көрсететін есепшот бойынша егжей-тегжейлі есептер алып отыру. Есеп берудің мұндай жүйесі смарт-карталар көмегімен жүзеге асқан әр транзакцияның айқын болуын қамтамасыз етеді және жанар-жағармай материалдарының шығынын бақылауда ұстауға мүмкіндік береді.
  • «Royal Petrol» ЖШС компаниясының абоненттік бөлімінен баруға кеткен уақытыңызы үнемдеуге мүмкіндік береді, себебі өтініш пен есепшот факс арқылы жіберіледі және есепшот бойынша төлем жасалғаннан соң сома смарт-карталарға қашықтықтан автоматты түрде түседі.

Сіз бізге жазбаша түрде өтінішіңізді факс немесе электронды поштаға жібере аласыз, ал біздің қызметкерлер Сізге алдын ала төлемге арналған есепшот ұсынады қалдыра аласыз. Төлем жасалғаннан соң смарт-карталарың қашықтықтан толтырылуы жүзеге асырылады, яғни смарт-карталарға автоматты түрде аударылған қаржы түседі. Бұл үшін кеңсеге келуіңіздің қажеті жоқ.

«RP» электронды смарт-карталары арқылы «Royal Petrol»ЖШС автокөліктерге жанармай құю бекеттері желісінде жанармай құю – жылдам әрі оп-оңай!

Компания менеджерлерімен +7(727)383-17-87 нөмірлері арқылы хабарласыңыз! Олар әрдайым Сіздің сұрағыңызға жауап беріп, келісім-шартқа отыруға көмектеседі.

Оформить заказ на топливо
Наименование организации
Телефон (факс)
БИН
Электронды мекен-жайыңыз
Выберите топливо
АИ-98
литров
ДТ (қыс)
литров
АИ-95
литров
ДТ
литров
АИ-92
литров
Автогаз
литров